(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.30.09. № 1481 ҚАУЛЫСЫ
Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық
жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және
картографиялық өнімдерді сатуға лицензиялар беру ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 30 қыркүйектегі N 1481 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензиялар беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
реттік нөмірі 13-жолдағы:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі";
3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын;
2) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшадағы:
3-тармақтың 41) тармақшасындағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын;
Демо – версия документа