Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі

туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2000 жылғы 28 шілде N 422



Осы редакция ҚР Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1021 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделері үшін ерекше мәні бар ұйымдар мен объектілердің қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтындарға қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін жатқызсын;

2) тізбеге өзгерістер енгізуді тек Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана жүргізсін;

3) қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету республиканың ұлттық мүдделері үшін стратегиялық маңызға ие, мемлекет меншігінде белгілі бір кезеңге сақталатын өзге де мемлекеттік ұйымдардың, объектілердің және акционерлік қоғамдар акциялары мемлекеттік пакеттерінің, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердегі мемлекеттік үлестердің қосымша тізбесін айқындасын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті



Қазақстан Республикасы

Президентінің

2000 жылғы 28 шілдедегі

N 422 Жарлығына қосымша

 Жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына
 жатпайтын объектілердің тізбесі

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку