Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 25.04.00 Ж. № 179 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және

ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру

ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 ж. 25 сәуірдегі N 179 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488; 18.01.02 ж. N 20;

31.01.03 ж. N 20 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. N 372 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку