(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 792 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымдарын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) атауындағы және мөтiнiндегi "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде:
атауындағы және мәтiнiндегi "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71"
11-тармақта:
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасының акваторияларында қадағалауындағы шағын өлшемдi кемелердi, жағалаулық объектiлердi, кеме қатынасы су құрылыстарын, шағын өлшемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргiзудi";
Редакция документа
Демо – версия документа