(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша
дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5
мамырдағы N 674 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.10.00 ж. N 1555
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 05 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесi бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 18.10.00 ж. N 1555 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне осы қаулыда көзделген науқастардың түрлерiн, дәрiлердiң тiзбесiн толықтыру және дәрi-дәрмектi және тұрғындардың жекелеген санаттарына арнаулы тағамды босату нормаларын ұлғайту құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) СССР Министрлер Советі мен ВЦСПС-тің "Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан адамдарға медициналық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту шаралары туралы" 1990 жылғы 31 наурыздағы N 325 қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ Республикалық Кәсiптiк Одақтар Советiнiң 1990 жылғы 17 мамырдағы N 197 қаулысы (Қаз.КСР-iнiң ҚЖ, 1990 ж., N 4, 82-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа