(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1824
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi реттiк нөмiрi 470-136, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"470-136 "Бөбек" республикалық
оқу-сауықтыру орталығы" Алматы облысы
қазыналық кәсiпорны Қарасай ауданы"
2) "Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N 413 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,N 13, 126-құжат):
қаулының атауындағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа