Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі

агенттігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 ж. 23 қарашадағы N 1776 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. N 1729; 08.02.02 ж.

N 187 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 1 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

ҚР Үкіметінің 08.02.02 ж. N 187 қаулысымен 2-тармақ өзгерді

2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiне Төрағаның үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

3. Бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінің қосымшаға сәйкес аталған агенттiктiң аумақтық органдары ретiндегi мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңдарда белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:

1) құрылатын мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн:

3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 518 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 169-құжат);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку