(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ ҚР 16.07.99 Ж. № 433-1 ЗАҢЫ
Стандарттау туралы Қазақстан Республикасының
1999 ж. 16 шілдедегі N 433-1
Заңы
Осы редакция ҚР 10.06.03 ж. N 432-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолдану арқылы өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерiнде мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өзара алмасымдылық - бiр бұйымның, процестiң, көрсетiлетiн қызметтiң дәл сондай бiр талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестiң, қызмет көрсетудiң орнына пайдалануға жарамдылығы;
2) мемлекеттік стандарттау - бiр елдiң деңгейiнде жүргiзiлетiн стандарттау;
3) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктегiшi өнiмнің, процестердiң (жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң техникалықэкономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктелген топтарының кодтары мен атауларының жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiретiн құжат;
Редакция документа
Демо – версия документа