(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.05.99 Ж. № 649 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС"
республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. N 1451; 13.01.00 ж. N 72
Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 19.12.02 ж. N 1325 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. N 1451 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсімдіктерді, өсімдік текті өнімдерді және өзге де карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. N 1451 қаулысымен 2-тармағы өзгерді
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. N 1451 қаулысымен 3-тармағы өзгерді
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
Редакция документа
Демо – версия документа