Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн

дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға

дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген

шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысы

Осы редакция 2003 ж . 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Экономиканың аграрлық секторындағы жағдайдың түбегейлi өзгеруiне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың көкейкестi мiндеттерiн шешуге бағытталған жалпы мемлекеттiк стратегияның шеңберiнде аграрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспарында айқындалған заң және нормативтiк актiлердi уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

 3. Мыналар:

ауыл шаруашылығын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары мен жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясына негiзделедi;

Қазақстан Республикасының жауапты атқарушылары болып табылатын министрлiктерi мен ведомстволары, қоса атқарушылармен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне, ал Агенттiк - Қазақстан Республикасының Үкiметiне жылына екi рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асырудың кеңейтiлген жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi;

қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi деп белгiленсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку