(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау
қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігі Бұйрық 1998 жылғы 20 қазан N 114
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Конституциялық Заң күші бар Жарлығының 34-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігіне тапсырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет Вице-Министрі М.Қ. Уәйісовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрінің
1998 жылдың 20 қазан
N 114 Бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеудің
тәртібі туралы
Ереже
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын (бұдан әрі - Сайлау қоры) мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Жарлығы;
Демо – версия документа