(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ 8 СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
N 3 қаулысымен бекiтiлдi
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бухгалтерлiк есепке алудың 8 стандарты
Қаржы инвестицияларын есепке алу
Мақсаты мен қолданылу өрiсi
1. Осы стандарттың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу және субъектiлердiң қаржы есептемелерiндегi инвестициялар туралы ақпаратты ашып көрсету тәртiбiн айқындау болып табылады.
2. Қаржы инвестицияларын есепке алу тәртiбi мына мәселелердi қамтиды:
1) қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi);
2) қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржы есептерiнде көрсету;
3) инвестицияларды санаттан санатқа аудару;
4) қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi.
3. Бұл стандарт мыналарды қарастырмайды:
1) инвестициялардан алынған проценттер, роялти, дивидендтер және жалақысы түрiндегi табыстарды тану негiздерi;
2) еншiлес заңды тұлғаларға салынған инвестициялар;
3) гудвилл, патенттер, сауда таңбалары және басқа да осындай активтер;
4) ұзақ мерзiмдi жалға беру;
5) зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламаларына және қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыру жөнiндегi субъектiлерге салынған инвестициялар.
Айқындамалар
4. Қаржы инвестициялары табыс табу (мәселен, проценттер, роялти, дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен, коммерциялық қатынастардың нәтижесiнде) пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив.
Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлiкке салынған инвестиция да жатады.
5. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оны жасауға дайын тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн.
6. Ағымдағы құн - активтердiң белгiлi бiр уақытқа арналған, қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша құны.
Жiктеу
7. Қаржы инвестициялары иелену мерзiмiне қарай мынадай санаттарға жiктеледi:
1) қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары - иелену мерзiмi бiр жылға дейiн;
Редакция документа
Демо – версия документа