(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ 6 СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
N 3 қаулысымен бекiтiлдi
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бухгалтерлiк есепке алудың 6 стандарты
Негiзгi құралдарды есепке алу
Мақсаты мен қолданылу өрiсi
1. Осы стандарттың мақсаты меншiк, шаруашылық тұрғысынан иелену немесе жедел басқару құқығында субъектiге тиесiлi негiзгi құралдарды есепке алудың әдiстемесiн айқындау болып табылады.
2. Негiзгi құралдарды есепке алудағы басты мәселелер оларды тану сәтiн, бастапқы құнын, пайдалы жұмыс iстеу мерзiмiн, амортизация есептеу тәртiбiн және олардың шығып қалуынан алынған нәтижелердi айқындау болып табылады.
3. Осы стандартты субъектiлер барлық негiзгi құралдарды, оның iшiнде ұзақ мерзiмге жалға алынған құралдарды есепке алу кезiнде қолданады, бұған бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша негiзгi құралдарды есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе оны қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
Айқындамалар
4. Негiзгi құралдар - бұл материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да ұзақ уақыт бойы (бiр жылдан астам) қолданылып жүрген материалдық активтер.
5. Бастапқы құн - бұл негiзгi құралдарды орнатуға немесе оларды сатып алуға нақты жұмсалған шығындардың, оның iшiнде төленбеген өтелiмсiз салықтар мен алымдардың құны, сондай-ақ жеткiзу, монтаждау, орнату, iске қосу жөнiндегi шығындар және активтi мақсатында пайдалану үшiн оны жұмыс жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар.
6. Ағымдағы құн - бұл негiзгi құралдардың белгiлi бiр күнi қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша алынған құны.
7. Баланстық құн - бұл негiзгi құралдардың жинақталған амортизация сомасын шегерiп тастағандағы бастапқы немесе ағымдағы құны, актив есепке алуда және есептемеде сол бойынша көрсетiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа