Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдi? ?олданылу аясын ке?ейту

Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту

туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998

жылғы 14 тамыздағы N 769 Қаулысы

(ҚР Үкіметінiң 1999.01.08. N 16 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегi әкiмдер:

1) "Қазақстан Республикасында тiл туралы" Заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттiк iстiң барлық салаларында мемлекеттiк тiлдiң белсендi қолданылуы үшiн басым жағдай жасау қажеттiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдарында iс қағаздарын кезең-кезеңiмен қазақ тiлiне көшiруге байланысты iс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын;

2) iс қағаздарын жүргiзу және ресми құжаттар әзiрлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттiк тiлдi бiлуi мен оны мемлекет қаржысының есебiнен оқып-үйренуi кәсiби бiлiктiлiк талаптары қатарына жатқызылсын;

3) 1998 жылдың 1 қазанына дейiн жоғарғы ұйымдармен қызметтiк хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептiң басқа да түрлерiн мемлекеттiк тiлде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкiншiлiктерi бар облыстар мен аудандарды анықтасын және оларда мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзуге қолайлы жағдай туғызсын. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тiлде тапсырылған құжаттарды, есептер мен ақпараттарды қабылдамай қайтару жағдайын болғызбасын;

4) министрлiктер мен басқа да орталық атқару органдарының орталық аппараттарында iшкi мүмкiншiлiктер есебiнен мемлекеттiк тiлдi iс қағаздарына енгiзу жөнiнде құрылымдық бөлiмшелер құруды толық шешсiн. Мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң штат кестелерiне қазақ тiлiнде iс жүргiзушiлер мен аудармашылардың лауазымдарын енгiзсiн;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку