(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Астық сатып алу шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi
кейбiр шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Қаулысы 1998 жылғы 5 қазандағы N 998
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 мамырдағы N 430 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды iске асыру, сондай-ақ iшкi астық рыногын қорғау және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 1999 жылдың астығына дәндi дақылдардың тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) 1 (бiр) миллион тонна азық-түлiктiк астық және дәндi дақылдардың тұқымын ішкі рынокта сатып алу үшiн "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тоғыз ай мерзiмге 98 248 000 (тоқсан сегiз миллион екi жүз қырық сегiз мың) АҚШ доллары көлемiнде несие қаражатын бөлу және осы жұмысты 1999 жылдың 30 қаңтарына дейін аяқтау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077 қаулысымен. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337 қаулысымен.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
1997/98 жылдың астығын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен сатып алуды ұйымдастыру тәртiбi (1-қосымша);
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен Астық сатып алуды ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы (2-қосымша).
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже" (3-қосымша);
Редакция документа
Демо – версия документа