Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк,

қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы

Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27

мамырдағы N 885 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095; 21.11.03 ж. N 1165

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен тақырыбы мен мәтіні өзгертілді

"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен

көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын

лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1. Осы Ережемен көлiк қызметiн көрсету рыногының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау, кеме шаруашылығы мен теңiз жүзулерi қауiпсiздiгiнiң, теңiз және өзен көлiгiн пайдалану кезiнде белгiленген санитарлық нормаларды сақтаудың ережелерiн қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi лицензиялауға жататын жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.

2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызмет лицензиялауға жатады.

ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку