(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 02.07.98 Ж. № 267-1 ЗАҢЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі N 267-1
Заңы
(ҚР 23.07.99 ж. N 454-I; 28.04.00 ж. N 46-II; 08.06.01 ж.
N 206-II; 12.07.01 ж. N 240-II; 09.08.02 ж. N 346-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 2003 ж. 25 қыркүйектегі N 484-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, (8 - 17 баптар)
сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық (18 - 19 баптар)
бұзушылықтардың зардаптарын жою
4-тарау. Қорытынды ережелер (20 бап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаты
1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
ҚР 23.07.99 ж. N 454-I; 08.06.01 ж. N 206-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді және толықтырылды
2-бап. Негiзгi ұғымдар
Демо – версия документа