Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж.

26 маусымдағы N 233-1 Қазақстан Республикасының Заңы

28.04.00 ж. N 45-11; 05.07.04 ж. N 568-II ҚР Заңдарымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi және (6 - 8 баптар)
оның негiзгi мiндеттерi
3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан (9 - 15 баптар)
Республикасы Парламентiнiң, Үкiметiнiң, соттарының,
мемлекеттiк органдары мен меншiк нысандарына
қарамастан ұйымдарының ұлттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiктерi
4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету (16 - 25 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (26 - 29 баптар)

Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.

Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 28.04.00 ж. N 45-11 Заңымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

сыртқы қауiпсiздiк - Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерiнiң шет мемлекеттер, шетелдiк ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйi;

әскери қауiпсiздiк - Қазақстан Республикасының ел тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндiрiлетiн нақты және ықтимал қауiп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйi;

ақпараттық қауiпсiздiк - мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделерi қорғалуының жай-күйi;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку