Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру

жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1998 жылғы 14

мамыр N 3

Осы редакция ҚР Жоғарғы Сотының 2003 ж. 11 шілдедегі N 7 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Есірткі, психотроптық, улы заттарды және прекурсорларды заңсыз айналымға түсіргені үшін жауапкершілік сол заттарды дайындауға пайдаланатын құрал-жабдықтар үшін жауапкершілік белгілейтін заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен және осы категориядағы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың сапасын көтеруді көздей отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

 Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19
 қаулысымен.

1. Есірткі, психотроптық заттарды және оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланылатын заттарды (прекурсорлар), сонымен қатар улы заттарды заңсыз айналымға түсіргені үшін, заңдар негізіне сәйкес, тек Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы 186 санды қаулысымен бекітілген, есірткіні қадағалайтын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының тізіміне (әрі қарай Тізім) енгізілген заттар үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіру керек.

 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19
 қаулысымен.

2. Жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа товарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, туып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын жинап алуды т.б. заңсыз алу деп түсіну керек.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку