Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен

жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған

шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 наурыздағы

N 207

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1131 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.

3. Республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiн қаржыландырудың көзi болып осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шегiнде республикалық бюджет белгiленсiн.

4. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерiне энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бiрлесiп төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалармен келiсiм бойынша жергiлiктi маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасау және оны белгiленген тәртiппен бекiту, сондай-ақ олар үшiн қаржыландыру көзi мен авариялық бронның шамасын белгiлеу ұсынылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку