Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСІ (13.12.02 Ж.)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

1997 жылғы 13 желтоқсан N 208-I

(ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 23.06.00 ж. N 57-II;

16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II;

24.12.01 ж. N 276 Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция 21.12.02 ж. N 363-11 ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

ҚР 1997 ж. 13 желтоқсандағы N 209 Заңын қараңыз

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

I-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢДАРЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртiбiн және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару

заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.

2. Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады.

3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының

сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қолданылуы

1. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау осы Кодекске, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бекiткен сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларды өтеу ережелерiне сәйкес атқарылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку