Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының

1997 жылғы 15 шiлдедегі N 162-1 Заңы

Осы редакция 2004 жылғы 25 мамырдағы N 553-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

Осы Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

 I тарау. Жалпы ережелер
 1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.

 2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры

1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.

2.

Ескерту. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 11.05.1999 N 381 Заңымен.

Ескерту. 2-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 N 151 Заңымен.

 3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
 табиғи аумақтар саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку