Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) НОТАРИАТ ТУРАЛЫ ҚР 14.07.97 Ж. № 155-1 ЗАҢЫ

Нотариат туралы Қазақстан Республикасының

1997 ж. 14 шiлдедегі N 155-1

Заңы

Осы редакция ҚР 05.05.03 ж. N 408-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

I Бөлiм

Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат

1. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.

2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);

2) жергiлiктi атқарушы органдардың нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;

3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;

3-1) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қоюға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар.

4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.

Ескерту. 1-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен.

2-бап. Нотариат туралы заңдар

Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.

3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi

1. Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку