Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы

N 127 Қазақстан Республикасының Заңы

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк өкiмет органдарының, орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмылдыру шараларын жүзеге асырудағы тәртiбiн, өкiлеттiгiн, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.

I-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 Осы Заңды мынадай ұғымдар пайдаланылады:

жұмылдыру дайындығы - агрессия жасалған жағдайда қорғану және жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында мемлекет экономикасының кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын, халқы мен аумағын алдын ала дайындауды қамтитын бейбiт уақытта жүргiзiлетiн жалпымемлекеттiк шаралар кешенi;

жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiрумен байланысты жалпымемлекеттiк шаралар кешенi.

2-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

саласындағы заңдар

Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың

негiзгi принциптерi

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

 1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды өткiзудiң мiндеттiлiгi;

2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге орталықтандырылған басшылық ету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку