(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Кеден брокерi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 556 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 14 сәуірдегі N 357 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013 қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Кеден брокерi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi брокерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны кеден заңдарының нормаларына сәйкес берсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 556 қаулысымен
бекiтiлген
Кеден брокерi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігі Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеденкомы) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Кеденкомның бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013 қаулысымен.
2. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады.
Кеден брокерiнiң мiндетiне:
тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау;
Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну;
декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну;
Демо – версия документа