(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Экспорттық бақылау туралы Қазақстан Республикасының 1996
жылғы 18 маусымдағы N 9-I Заңы
Осы редакция 2003 ж. 26 қыркүйектегі N 485-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 24.11.00 ж. N 105-II Заңымен тақырыбы және кіріспесі өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
ҚР 24.11.00 ж. N 105-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;
екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару;
жеткiзу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар;
қарудың өзге де қауiптi түрлерi - жаппай қырып-жоятын қарудың дәстүрлi емес (әдеттегiге жатпайтын) түрлерi;
Демо – версия документа