(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 ж. 29 сәуiрдегі N 523 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.06.97 ж. N 934; 26.08.98 ж. N 803;
14.04.03 ж. N 357 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 09 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен халық депутаттары жергiлiктi кеңестерiнiң немесе олардың орындарының құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылған әскери қызметшiлердiң - халық депутаттарының әскери қызметтi өткеруiнiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 172 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 6, 82-бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 523 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 06.06.97 ж. N 934 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. алынып тасталды
Демо – версия документа