Халы?аралы? iзгiлiк к?мек м?селелерi ж?нiндегi комиссия туралы
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29
желтоқсандағы N 1880
Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.11.02 ж. N 1223 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
N 1880 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөнiндегi комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер.
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 21.01.2002 N 72
қаулысымен.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
Демо – версия документа