Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Заң күшi бар Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне

шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 7 сәуiр N 2184

Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды емдеуге және оларды салауатты өмiр салтына бейiмдеуге бағытталған медициналық, құқықтық және ұйымдық шаралар кешенiн жасау мақсатында осы Жарлықты шығарамын:

1-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдығудың әлеуметтiк қауiптiлiгi, оларды емдеу

Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық азаматтардың денсаулығына, елiмiздiң тектiлiк қорына залал келтiретiн және қылмыстың өсуiне себепшi болатын дерттер болып табылады.

Өз еркiмен емделуден жалтарған алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларға денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемелерiнде, емдеу кезеңiнде оларды еңбекке тарта отырып, ерiксiз стационарлық ем қолданылуға тиiс.

Денсаулық сақтау жүйесiнiң наркологиялық мекемелерiне ерiксiз емдеуге жiберу сотты болды деп қаралмайды.

2-бап. Ерiксiз емдеуге жiберiлетiн адамдардың құқықтық жағдайы

Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан аурулар ерiксiз емделуге жiберiлген және емделу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын емдеу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.

Олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн оларға сотта қорғау кепiлдiгi берiледi, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтiк көмек көрсетiледi.

Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiнде емдеуде болу уақыты еңбек стажын үзбейдi және ол жалпы еңбек стажына қосылып есептеледi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку