Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттiк

басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 қазан

1993 ж. N 981

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Республика аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi:

1. Төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ зiлзала ауданында авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырып, жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының байланыс пен ақпарат беретiн мемлекеттiк жүйелерi мен ведомстволық желiлерi басым түрде пайдаланылсын.

2. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайлар болғанда байланыспен қамтамасыз ету тәртiбi туралы осыған қосылған ереже бекiтiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi, Азаматтық қорғаныс штабы, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi ведомстволық байланыс пен ақпарат беру жүйелерi бар республиканың министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, төтенше жағдайларда байланысты ұйымдастыру жөнiндегi шараларды белгiлеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.

 4. Құпия.
 5. Құпия.
 6. Құпия.
 7. Құпия.

8. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы осы қаулының орындалу барысын бақылауды, осы мәселе жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жыл сайын ақпар берiп отыруды қамтамасыз етсiн.

 Қазақстан Республикасының
 Премьер-министрi
 Қазақстан Республикасы
 Министрлер Кабинетiнiң
 1993 жылғы 4 қазандағы
 N 981 қаулысымен
 бекiтiлген
 Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда
 байланыспен қамтамасыз ету тәртiбi туралы
 ЕРЕЖЕ

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку