Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 197ак қаулысы

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 197ак қаулысы

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулыға 353-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесі реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "ноутбуктер 6 бiрлiк; принтерлер - 8 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетiлген қаулыға 354-қосымшада:

2-тармақта:

"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы;" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы;" деген сөздермен толықтырылсын;

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы;" деген сөздерден кейін "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы;" деген сөздермен толықтырылсын;

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигiн және iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесін жасауға және геостанциялық орбитаға қоюға арналған келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ету;

"Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" АҚ (бұдан әрi Қоғам) жарғылық капиталын 15770,2 (он бес миллион жетi жүз жетпiс мың екi жүз) теңге сомасында ұлғайту, оның iшiнде:

- жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге, мемлекеттік сараптамаға ақы төлеуге, Қоғамға берiлетiн ғимаратты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге.";

7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигін, iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесiн құру жөніндегі жұмыстар кезеңiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету.";

3) көрсетiлген қаулыға 355-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов












































 

Укажите название закладки

Создать новую папку