Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 және 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1466 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 және
2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
31 желтоқсандағы № 1466 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 53-жолмен толықтырылсын:

"51. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %";

2) "Азаматтық авиация академиясы" мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулысында:

2-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

Укажите название закладки

Создать новую папку