Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне дипломатиялық дәрежесі және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін төленетін ақшалай төлемдердің мөлшері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1406 қаулысы

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне
дипломатиялық дәрежесi және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен
жұмыс істегенi үшін төленетін ақшалай төлемдердiң мөлшерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1406
қаулысы

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне ұлттық валютада лауазымдық жалақыларын негiзге ала отырып есептелетін ақшалай төлемдердiң мынадай мөлшерi белгiленсiн:

1) дипломаттық дәрежесi үшiн - 25%;

2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстегенi үшiн - 15%.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 565 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегі № 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 сәуірдегі № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 8, 92-құжат);

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 14, 107-құжат).

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку