Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1334 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістiк мұқтаждар үшiн әкелiнетін қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тiзбесiнде:

реттік нөмірлері 1, 3, 10, 16, 17, 48, 87, 88, 103, 144, 150, 151, 152, 157, 165, 172-жолдар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку