Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 197аж қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 197аж қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:

реттік нөмірі 4-жолда: "сервер үшін қатты дискі 1 дана" деген сөздерден кейін "; желіаралық қорғау экраны - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;

"құпия іс жүргізу - 3 комплект)" деген сөздерден кейін "; саны 11 лицензия Windows XP" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку