Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қызметінiң негiзгi мәнi сандық картография және топографиялық-геодезиялық деректер негiзiнде геоақпараттық жүйелердi, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердi құру, баспа және полиграфиялық қызмет деп анықтай отырып, құрылатын Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
2) әдiлет органдарында Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөніндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерiне мемлекеттік меншіктің түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-95-жолмен толықтырылсын:
«123-95. «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ»;
3) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөліммен және жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне»
280. «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
|
|
| Д. Ахметов |