Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жұқпалы аурулар ауруханаларына (бөлімшелеріне) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18.08.04 ж. № 629 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Эпидемиология және гигиена

жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық

ереже мен нормаларды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрдің міндетін атқарушының

2004 жылғы 18 тамыздағы

№ 629 бұйрығымен бекітілген

 

«Жұқпалы аурулар ауруханаларына (бөлімшелеріне)
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жұқпалы аурулар ауруханаларына (бөлімшелеріне) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан ауруханалық ұйымдарды жобалаумен, жаңадан құрылысын жүргізумен, қайта жаңартумен, пайдалануды ұйымдастырумен айналысатын, жұқпалы ауруларға медициналық көмек көрсететін ауруханалық ұйымдар мен жеке тұлғаларға арналған.

2. Осы санитарлық ереженің талаптарын орындауды ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

3. Осы санитарлық ережеде мынандай терминдер және анықтамалар қолданылған:

1) жұқпалы аурулар ауруханасы, бөлімше - жұқпалы және паразитарлы аурулармен ауырған ауруларды оқшаулау, тексеру, емдеу және оларға стационарлық бақылау жүргізуге арналған денсаулық сақтау жүйесінің ұйымы;

2) бокс - сырттан түсетін ауруға арналған, кіретін есігі бөлек үй-жай. Оның құрамына: палата, санитарлық торап, ванна және шлюз кіреді;

3) кварцтеу - ультракүлгін сәуле арқылы ауадағы, құрал-жабдықтардағы микробтарды жою;

4) жартылай бокс - ауруға арналған сыртқа шығатын есігі жоқ үй-жай;

5) қабылдау бөлімшесі - аурухана ұйымының ауруларды қабылдап, бөлімшелерге жіберуге арналған қызметтік бөлімшесі;

6) тексеру кабинеті - ауруханаға түсетін ауруларды тексеруге арналған үй-жай;

7) санитарлық-індетке қарсы тазалық сақтау тәртібі - аурухана ұйымдардың ішінде және олардан тыс жерде жұқпалы, паразитарлы аурулардың таралуын болдырмау үшін жүргізілетін іс-шаралар кешені;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку