Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мемлекеттік кәсіпорындарын жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 957 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кейбір мемлекеттік кәсiпорындарын жекешелендiру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 957 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына және «Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мүлiктiк кешендер ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазәскерсаудажабдықөткізу» республикалық мемлекеттік кәсiпорны еншiлес кәсiпорындарымен бiрге;

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Солтүстiк әскери құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсiпорны;

3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Оңтүстiк әскери құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсiпорны;

4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Бурабай» әскери санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;

5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазәскерижоба» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции