Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 1435 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 1435 Жарлығы
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының директоры, оның орынбасарлары" деген жолмен толықтырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа