Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 903 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы
№ 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 903 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 51-жолмен толықтырылсын:

"51. "Қазагрэкс" АҚ (Астана қаласы) 100%".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку