Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Парламенті Үйі жанындағы асхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 835 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасының Парламентi Үйi жанындағы асхана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 835 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша):

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции