Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 809 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 809
Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:

     "40-1  Жеке функциялары бар, осы топтың басқа
            жерінде аталмаған немесе енгізілмеген
            машиналар және механикалық құрылғылар:
            өзге де машиналар мен механикалық тетіктер:
            өзгелері                                     8479 89 980 0".
 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку