Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 197е қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы
№ 197е қаулысы


Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 418-қосымшада:

2-тармақ ", "Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 69-ө өкімі" деген сөздермен толықтырылсын;

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

реттiк нөмiрi 5-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға бiр өлшемдi штрих-код енгізу жөніндегі қызметтердi сатып алу";

көрсетiлген қаулыға 419-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

1-тармақта:

"штрих-кодтар сканерi - 3400 бiрлiк" деген сөздер "штрих-кодтар сканерi - 3550 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

"13600", "6800" деген сандар тиiсiнше "24111", "7100" деген сандармен ауыстырылсын;

"ИҚ-портты дауыс беру жинағы терминалдарын жинаушы - 3400 бiрлiк" деген сөздер "ИҚ-портты дауыс беру жинағы терминалдарын жинаушы 3550 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

"ЭЦҚ қалыптастыру жабдығы - 3621 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", штрих-кодтардың жылжымалы сканерi - 3550 бiрлiк, дауыстарды жинақтағышы бар дауыс беру пультi - 3550 бiрлiк, штрих-кодтарды тексеру құрылғысы - 3550 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

"3446", "3418", "3467" және "3400" деген сандар тиiсiнше "3596", "3568", "3630" және "3550" деген сандармен ауыстырылсын;

"модем - 3400 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", концентратор 16 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

"Real Applications Cluster лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 50 лицензия" деген сөздер "Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу Oracle 9i Database Enterprise 50 лицензия, Oracle 9i Database Standart Edition - 65 лицензия, Oracle 9i Lite - 800 лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку