Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 197з қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 маусымдағы № 197з қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 178-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанында "ксерокс - 90 дана" деген сөздер "ксерокс - 106 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Мынадай активтерді: саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздіксіз қоректендіру көздерін, 200 дана принтерлер, 200 дана модемдер сатып алу.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов








 

Укажите название закладки

Создать новую папку