Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1237 және 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 578 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1237 және
2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 578 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1237 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарында:

"3.4.3. Инвестициялаудың негiзгi бағыттары" деген бөлiмде:

бiрiншi абзацтағы "1208,94" және "3660,54" деген сандар тиiсiнше "1233,54" және "3685,14" деген сандармен ауыстырылсын;

"2001-2014 жылдарға арналған темір жол көлiгiнiң инвестициялық бағдарламасы, млн. АҚШ доллары" деген кестеде:

"T. ж. желiлерiнiң құрылысы" деген реттiк нөмiрi 2-жолдағы "0,0", "0", "65,1 және "65,1" деген сандар тиiсiнше "14,46", "10,14", "114,04" және "114,04" деген сандармен ауыстырылсын;

"Алтынсарин - Хромтау" деген реттiк нөмiрi 2.2-жолдағы "0,0", "0,0", "51,84" және "51,84" деген сандар тиiсiнше "14,46", "10,14", "76,44" және "76,44" деген сандармен ауыстырылсын;

"T. ж. саласы бойынша барлығы" деген жолдағы "215,5", "234,1", "1208,84" және "3660,54" деген сандар тиiсiнше "229,96", "244,24", "1233,44" және "3685,14" деген сандармен ауыстырылсын;

"3.4.4. Бағдарламаның негiзгi қорытындылары" деген бөлiмнiң "3.4.4.1. Техникалық дамыту" деген кiшi бөлiмiнде:

"Пайдалану шығындарын оңтайландыру есебiнен Инвестициялық бағдарламаның экономикалық тиiмдiлiгi (млн. АҚШ доллары)" деген кестеде:

"Инвестициялар" деген жолдағы "1208,84" және "3660,54" деген сандар тиiсiнше "1233,54" және "3685,14" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiсiндегi 2004-2006 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiнде (3-бөлiм):

"2004-2006 жылдарға арналған республикалық басымды инвестициялық жобалардың тiзбесi (миллион теңге)" деген кестеде:

"Бағдарламамен қарастырылмаған жобалар" деген бөлiмде:

5-бағандағы реттiк нөмiрi 395-жолдағы "29690,35" деген сандар "33036,32" деген сандармен ауыстырылсын;

5-бағандағы "Бағдарламадан тыс барлығы:" деген жолдағы "188127,37" деген сандар "191473,34" деген сандармен ауыстырылсын;

5-бағандағы "Республикалық инвестициялық жобалар бойынша жиыны:" деген жолдағы "598989,74" деген сандар "602335,71" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов


 

Укажите название закладки

Создать новую папку