«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1948 болып тіркелген 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 167-І бұйрығы (күші жойылды) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1948 болып тiркелген 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 240-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 167-І бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тiзiлiмiн тәртiпке келтiру мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 240-I бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1948 болып тiркелген, «Официальная газета» газетiнiң 2002 жылғы 31 тамыздағы № 35-шi нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тiркеу ережесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдары үшiн мынадай тiркеу санаттары белгiленедi:
1) магистралдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
2) кең жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
3) тар жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда сорапта маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
Документ утратил силу
Демо – версия документа