Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 197в қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 12 сәуірдегі № 197в қаулысы


Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада:

2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534, 537-541-баптары" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ ", қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ ", шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ кестесi реттiк нөмiрi 2-жолының 5-бағаны ", арнайы экстрадициялық топтарды жiберу және анықталған әрi ұсталған қылмыскерлердi әлемнiң әр түрлi елдерiнен Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселелерiн жедел шешудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақ ", қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту, қылмыстық iс-әрекет жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов




 

Укажите название закладки

Создать новую папку