Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 234 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 ақпандағы № 234 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi спорт және санаториялық-курорттық емдеу саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен:

1) мынадай мекен-жай бойынша: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл ауданы, Қорымды селосында орналасқан «Қазақстан автомобилисi» демалыс үйiнiң мүлкiн Кәсiпорынға беру жолымен оның жарғылық капиталын қалыптастырсын;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында Кәсiпорынның тiркеуiн қамтамасыз етсiн.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов


 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции