Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 222 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу
және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы"
мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 25 ақпандағы № 222 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі" бөлiмiнде:

           "Даму проблемалары бар балалар мен
           жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және
           кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық
           ғылыми-практикалық орталығы                              132"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

           "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
           практикалық орталығы                                    165".
 

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов




























 

Укажите название закладки

Создать новую папку