Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 180 қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 ақпандағы № 180 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 46-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында 1-тармақтағы 100-кiшi бағдарламада "авиация техникасы-" деген сөздерден кейiнгi "4 дана" деген сөздер "5 дана" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |